Сэлфи ма, әлде мақтану ма?
Сэлфи ма, әлде мақтану ма?

Қазіргі таңда мейлі қартымыз, мейлі жасымыз әлеуметтік желісін пайдаланбайтын адам жоқтың қасы. Әсіресе жүрегіме қатты тиетіні фотоға түсіп, оны беталды жариялай беру. Сэлфиді адам өз-өзін фотоға түсіре алу үшін ойлап табылған түсіру әдісі. Өздерін жақсы көретін адамдарға бұл сэлфи нағыз керек нәрсе еді. Бұл менің фотоға түсуге мүлдем қарсымын деген ойым емес, тек суретке түсіп жатқандағы ниетте.  Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жүрегінде шаңның тозаңындай тәкаппарлық болған кісі жәннатқа кірмейді (Мүслим, Иман, 147) - деген. Мен ешкімнің жүрегіне кіріп шыққан жоқпын, бірақ әлеуметтік желілердегі көптеген суреттерді көргенде мақтаныштарды көргендеймін. Мысалы, фотолардың басым көпшілігі қымбат көліктің, мейрамханалардың, зәулім үйлердің жанында түсірілген. Қараңдаршы мен сұлумын, менде осындай көлік бар, қараңдар мен ең қымбат ресторанда тамақ ішіп отырмын дегендей ресторанның орналасуына дейін көрсетіп қояды. Бұл әлеуметтік желілердегі мақтаныштардың тек бір-екі ғана мысалы. Әбу Дауд: «Анығында, «Амалдар ниетке байланысты» делінген бұл хадис Исламның тең жартысын құрайды. Өйткені дін не ашық болады, яғни бұл – амал, не жасырын болады, яғни бұл – ниет», – дейді. Бәрін көруші, толық білуші Алла барлығымыздың ниеттерімізді түзеп, игі амалдар жасауымызды нәсіп етсін!

мақтану, Сэлфи, фотоға тусу
Alibek MametAlibek Mamet
8 жыл бұрын 4703
3 пікір
  • Елудің етегін басыр қалған елге белгілі бәр ағамыз анасының атына құрбан шалып оны әдейілеп өзі түсіріп әлеуметтік парақшаларға таратқаны бар. Көп сын ескертпе айтылды пікір жазбаларында. Ол ағамыздың бәлки өзі де сезбей отырған рия, мақтан болып теріс сипатта тарады.
    8 жыл бұрын
  • Иә, бұл мәселеңіз маңызды деп ойлаймын. Селфиді сирету керек секілді..
    8 жыл бұрын
  • Сирете келе біржола доғару керек!
    8 жыл бұрын
Блог туралы
0
0 0 0 0 0