Әділетті қоғам жалғыз адамнан тұрады
Әділетті қоғам жалғыз адамнан тұрады

Өмірімізде көптеген әділетсіздікті көріп мұңаятынымыз рас. Дегенмен, момын мұсылмандар Әділетті Аллаға және Әділет күніне шынайы сенеміз. Бұл жалған өмірдің әділетсіздігі бізге тек сынақ деп ойлап жатқанымда ойымда шумақтар тізіліп жатқан соң жазып қалайын дегенім (менің ешқандай ақындық өнерім жоқ). 

Мына өмірдің өзі әділетсіз,
Алданып жүрміз біз бен сіз 
Әділетті Алланың сынағы бұл 
Расында адамдар өте әлсіз!

Жеңіске жетпес ешкім төзімсіз
Амалымыз бос шынайы ниетсіз
Кіре алмайды жәннатқа имансыз 
Сәжде қылмаған Аллаға серіксіз

Бір ғасыр мүмкін өмір сүрерсіз
Ақырында ажал жетіп өлерсіз
Қара көрде сұраушылар келгенде
Көмекті Алладан ғана күтерсіз

Ендеше тәубеге тездеп келіңіз
Кешірім мен дұға көптеп тілеңіз
Желден жылдам жалған өмірден
Алланың ғана разылығын іздеңіз

Аллаға, ақырет күнге сенсеңіз
Елшіні жаннан артық сүйсеңіз
Ата-ананың қызметінде болсаңыз
Міне мәңгілік бақытқа жеттіңіз

       ©Мамет Әлібек

Alibek MametAlibek Mamet
9 лет назад 3418
1 комментарий
О блоге
0
0 0 0 0 0